Жаңалықтар

Сингапур университеттері

Жер көлемі жағынан шағын болса да, жоғарғы оқу орындары мен зерртеу базаларының дәрежесі жағынан Сингапур көп мемлекетті басып озады.
02.10.2014 14:20 9399

Жер көлемі жағынан шағын болса да, жоғарғы оқу орындары мен зерртеу базаларының дәрежесі жағынан Сингапур көп мемлекетті басып озады. Егер сол Оңтүстік-Шығыс Азия еліне оқуға бармақшы ойда жүрсеңіз, төмендегі Сингапур мемлекетінің университеттері жайлы мағлұматқа көз сала кетіңіз.

Соңғы 15-20 жылда Сингапур дүниежүзінің барлық анализдерінде зерттеу мен инновация салаларында әлемдік лидерлер қатарында жүр. Әлемдік инновациялық зерттеулермен айналысатын «INSEAD» ұйымының 2013 жылғы баяндамасында Сингапур сегізінші орынды алса, сол жылы әлем мемлекеттерінің бәсекелестігін анықтайтын «IMD» ұйымының рейтингінде 5 орынды алған екен.

Бәсекелестік пен инновация бұл мемлекеттің жалғыз мақтана алатын жақтары емес. «QS Best Student Cities» әлемнің ең мықты, студенттерге ыңғайлы және басқа ұлт өкілдері көп жоғарғы оқу орындарының 2013 жылғы рейтингінде Сингапур университеттері 3-ші орынды иеленді.

Сингапур университеттері

Жалпы бұл қала-мемлекетте 34 университет бар. Оның ішінде 6-ы ұлттық боп келеді. Бұл алтауының ішінен Сингапур Ұлттық университеті (National University of Singapore) мен Наньянг Технологиялық университеті (Nanyang Technological University) әлемдегі ең үздік 50 жоғарғы оқу орындарының рейтингіне кіреді. Бұлардың әрқайсысында 30 мыңнан астам студент оқиды.

Сингапур университеттері

Сингапур Ұлттық университеті

Сингапурдың әлемдік супержұлдызы – Сингапур Ұлттық университеті «QS» дүниежүзінің мықты университеттерінің рейтингінде 24 орынға ие болса, Азия жоғарғы оқу орындарының арасында алдына түсер бір университет жоқ екен. Сингапур Ұлттық университеті механика, құрылыс, химия және электро-энерготехника инженерлік; география, компьютер ғылымы, материал ғылымы, саясаттану, коммуникация, медиа жүйелері, статистика және замануи тілдер мамандықтары бойынша жекелеген рейтингтерде 10-шы орыннан түспейді.

Сингапур университеттері

Наньянг Технологиялық университеті

Ұлттық университеттен қалыспай келе жатқан басқа сингапурлық университ – Наньянг Технологиялық университеті (НТУ) әлемдік рейтинг бойынша 41-ші орында келеді. НТУ-де бухгалтерлік, химия, компьютер ғылымы, коммуникация, медиа, білім беру; инженерлік, Ағылшын тілі және әдебиеті, материал ғылымы, математика, психология және статистика мамандықтары бойынша жекелеген әлемдік рейтингтерінде топ 50-ге кіреді. Университетті әріқарай дамыту мақсатында 2013 жылы Ұлыбритания Империалық колледжімен серіктестікте Ли Конг Чьян атындағы медицина бөлімі ашылды.

Сингапур университеттері

Сингапур Менеджмент Университеті

Сингапур білім олимпының тағы бір өкілі – Сингапур Менеджмент Университеті. Бұл жоғарғы оқу орны бухгалтерлік пен банктік есеп, компьютер ғылымы, экономика, заң және статистика мамандықтары бойынша дүниежүзілік дәрежедегі мамандарды дайындайды.

                                                              Материалды дайындаған: Нұрғазы Абжанов 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға