СІМ Солтүстік Македонияға ресми сапармен барды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
02.11.2022 11:31
1419
Қазақстанның сыртқы істер министрі Солтүстік Македонияға екіжақты қатынастар тарихында тұңғыш рет сапар жасады, деп хабарлайды El.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Солтүстік Македония Республикасына ресми сапары өтті. Оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары және Солтүстік Македонияның ЕҚЫҰ-ға алдағы 2023 жылғы төрағалығы шеңберіндегі өзара іс-қимыл талқыланды.
Министр Президент Стево Пендаровскимен және Ассамблеяның (Парламенттің) төрағасы Талат Джаферимен кездесулер өткізді, сондай-ақ Сыртқы істер министрі Буяр Османимен келіссөздер жүргізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қазақстан халқына» қоры үшінші балаға экзоскелет табыстады
Келесі жаңалық
Абай облысында мектеп аумағындағы қазандықта жарылыс болды