Жаңалықтар

СІМ шетелде жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады

СІМ шетелде жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.04.2024 18:30 585

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі шетелде жүрген қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәскеуде орналасқан «Крокус Сити Холдағы» теракт болған түні біз Қазақстанның Ресейдегі елшілігімен хабарласып, бекітілген алгоритм бойынша жұмыс істедік. Жедел желінің телефон нөмірі жарияланды. Мәскеудегі біздің студенттер және басқа да Қазақстан азаматтарының бәрімен хабарласып, жағдайын сұрастыра бастадық. Қазір қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ, - деді Айбек Смадияров.

Осы орайда ресми өкіл шетте жүрген отандастарымызға ескерту жасады.

Енді әлемде жағдай күрделініп барады. Одан ешкім сақтанбаған. Сондықтан азаматтарымыз қай елде жүрсе де сол елдің билігі қойған заңды талаптарды орындауы керек. Енді сақтықта қорлық жоқ, барлық азаматқа сақ болып жүрген дұрыс деп ойлаймын, - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, СІМ өкілі Қытайдан Қазақстанға келген туристер санын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға