Жаңалықтар

СІМ орынбасары Қарағанды облысының өзекті инвестициялық мәселелері талқылады

СІМ орынбасары Қарағанды облысының өзекті инвестициялық мәселелері талқылады
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 13.11.2024 22:39 382

Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров өзекті инвестициялық мәселелерді талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, «Линде Газ Казахстан» ЖШС инвестициялық жобасының алаңында делегация техникалық газдар шығаратын ауа бөлетін қондырғылардың өндірістік циклімен танысып, компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі кеңейту әлеуетін талқылады. 2009 жылы құрылған кәсіпорын оттегі мен азот сияқты өнеркәсіптік газдарды өндіруге маманданған. Бұрын іске асырылған жобалардың сомасы шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайды.

Бұдан әрі делегация «Qarmet» АҚ қазақстандық ірі болат және тау-кен өндіру компаниясының металлургиялық комбинатында болды. Мұнда домна пешінің жұмысы, сондай-ақ ыстық мырыштау және алюминий цехының жұмыс істеуі көрсетілді. «Qarmet» АҚ негізгі қызметінен басқа, әлеуметтік салада бірқатар жобаларды іске асырды, атап айтқанда, Теміртау қаласында саябақ салынды, сондай-ақ трамвай инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Компанияның бас директоры Вадим Басинмен кездесу барысында тараптар компанияның өндіріс пен өндірістік қуаттылықты ұлғайту, логистикалық мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық қызметті кеңейту жөніндегі жоспарларын талқылады.

Сапар барысында Ә. Қуантыров диірмендерге арналған футерлерді өндіруге маманданған «Polymet Solutions Corporation» ЖШС кәсіпорнының қызметімен танысты. Зауыт 2020 жылы іске қосылды және қазіргі уақытта оның өнімдері көрші нарықтарға белсенді түрде экспортталуда. Бұған дейін 2024 жылы кәсіпорын алаңында «OKUMA» жоғары дәлдіктегі фрезерлік өңдеу орталығы пайдалануға берілген болатын. Нысан басшылығымен кездесуде өндірісті дамыту жоспарлары, оның ішінде құю зауытын салу жобасы талқыланды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға