Жаңалықтар

СІМ-де Жерорта теңізі елдерінің Парламенттік ассамблеясының делегациясы қабылданды

Қазақстан мен Португалия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
СІМ-де Жерорта теңізі елдерінің Парламенттік ассамблеясының делегациясы қабылданды
Фото: ҚР СІМ 18.03.2023 21:20 1400

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына байқау жүргізу үшін елімізге келген Португалия Парламентінің депутаты, Жерорта теңізі елдерінің Парламенттік ассамблеясының (ЖПА) вице-президенті Педру Роке мен ЖПА Елшісі Йонас-Флорин Урканмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап. 

Кездесу барысында байқаушылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, азаматтардың елдің саяси өміріне қатысуын кеңейтуге бағытталған заңнамадағы өзгерістер, сондай-ақ 2023 жылғы 19 наурызда өтетін парламенттік сайлау жөніндегі ағымдағы сайлау науқанының негізгі кезеңдері туралы хабардар етілді.

Тараптар саяси және экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін де қарастырды. Р. Василенко мен П. Роке Қазақстан-Португалия қатынастарының дәйекті және үдемелі дамуын, сондай-ақ ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Лиссабонға жасаған сапарының және қазіргі таңда қазақстандық тарапы тәжірбиесін зерттеу үстіндегі «Taguspark» технологиялық паркіне барудың маңыздылығын атап өтті.

П.Роке өз кезегінде еліміздің саяси, экономикалық және демократиялық жетістіктерін жоғары бағалады, сондай-ақ өзі негізін қалаушы және мүшесі болып табылатын «Қазақстан-Португалия» достық тобы шеңберіндегі парламентаралық ынтымақтастықты ұлғайтуға үлкен қызығушылық танытты.

Жерорта теңізі елдері Парламенттік ассамблеясының делегаттары 18 наурыздан бастап ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына ресми түрде байқау жүргізуге кірісті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға