СІМ-де босқындар мен азаматтығы жоқ адамдардың мәселелері талқыланды

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының көмекшісі Рувендрини Меникдивеламен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
А.Рахметуллин сұхбаттасын босқындарды қорғау саласындағы ұлттық заңнаманың жетілдірілуі, сондай-ақ Қазақстанның босқындарға, ішкі қоныс аударған және азаматтығы жоқ адамдарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі іс-қимылдары туралы хабардар етті.
Р. Меникдивела Қазақстан мен Орталық Азиядағы азаматтығы жоқ адамдарды қысқарту саласындағы елеулі жетістіктерді атап өтті. Қазақстанға азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру жөніндегі #IBelong екі ұлттық компаниясының табысты аяқталғаны үшін алғыс білдірді.
Тараптар босқындардың құқықтарын жақсарту және гуманитарлық қорғау мақсатында Қазақстан мен БЖКБ арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.
