Жаңалықтар

«Сиқырлы орам» фестивалі

«Сиқырлы орам» фестивалі
13.06.2018 02:16 2102

Қоғамдық келісім сарайында «Қоғамдық келісім» КММ және Ақмоланың Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағымен» бірлесіп ұйымдастыруымен Астана қаласының  20 жылдығына арналған «Сиқырлы орам» фестивалі өтті.

Іс-шара Дүниежүзілік бұқара алдында тоқыма тоқу күні қарсаңында өткізілді. Бұл мейрам өз бастамасын барша ғашықтар астанасы – Париж қаласынан алады. Аталмыш іс-шараны алғаш ұйымдастыру тоқыма шебері Даниэла Лендестің ойына келген. 2005 жылдың жаз айында ол өз құрбыларын көпшілік арасында тоқымамен айналысу үшін саябаққа жиналуға шақырады. Бұл бастама тоқыма өнерін меңгерген француз әйелдерінің ғана емес, басқа да елдерге таралып, өзіндік флешмобқа айналу арқылы көпшілік назарын тез аудартады. Бұқара алдындағы тоқыма күнінің тіпті елтаңбасы да бар.

«Сиқырлы орам» байқауы туралы әлеуметтік желілерде, ақпараттық бағаналарда алдын-ала жарнамалар ілінді. Көкшетау қаласының тоқыма шеберлері аталмыш шараны асыға күтті. Әркім  жасаған жұмыстарымен бөлісіп, өзінің білігі мен талантын көрсеткісі келді.

Іс-шараны бастапқыда таза ауада өткізу жоспарланған болатын. Бірақ ауа-райының тосын сыйына байланысты барлық қатысушылар Қоғамдық келісім сарайының залына жиналды. Шараға келушілердің арасында тоқыма шеберлерімен қатар осы іспен айналысуды мақсат етіп жүрген жандар да болды.

Фестиваль қатысушылары мен қонақтары залда мерекелік көңіл-күйде бөленді. Әуезді ән ырғағында әртүрлі тоқу техникалары бойынша жасалған жұмыстардың көрмесі ұсынылды. Залдың орталығында шеберлік сыныбы өткізілді. Ол жерде кез-келген адам қолданбалы өнер ісінің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алды.

Іс-шара Ақмола ҚХА хатшылығының бас маманы Дана Мейрамованың құттықтау сөзімен басталды. Ол шеберлер Одағы мүшелерін және іс-шара қонақтарын, қатысушыларын мерекемен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі. Фестиваль қатысушыларына естелік сыйлықтар және дипломдар табыс етілді.

Шеберлер Одағының мүшесі Альбина Байковская өзі шығарған сиқырлы орам туралы өлеңін оқыды. Аталмыш туындының мәтінін іс-шараға қатысушылардың барлығы естелік ретінде алды.

Қоғамдық келісім сарайының жанындағы алаңда тоқыма, иірілген жіптер, сондай-ақ дайын бұйымдарға арналған әртүрлі керек-жарақтарды сатып алатын жәрмеңке өткізілді.

Жалпы іс-шара жақсы өтті. Оның шарықтау шегі бірлескен панно жасау ісі болды. Оны жасау ісіне шеберлермен қатар бұл істі жаңа бастап жүргендер де қатысты. Олар төрт топқа бөлінді. Әр топ тапсырма алды: нақты бір жыл мезгіліне сәйкес түстер гаммасында үш фрагмент тоқу.

Қорытындысында шеберлердің жанын сала істеген еңбектерінің арқасында жыл мезгілдері бейнеленген ортақ туынды құрастырылды. Көпшілік күшімен жасалған панно туындысы адамдар арасындағы достық пен келісімнің өзіндік символы болды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға