Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз. Осыған орай Ұйымның халықаралық аренадағы беделі мен ықпалын одан әрі арттыру үшін ШЫҰ тетіктерінің жұмысын жетілдіруге баса мән берілді. Қазір біз қол қоятын құжаттар ШЫҰ тарихындағы тағы бір маңызды кезеңге жол ашатынына, сондай-ақ Ұйымның жүйелі әрі жан-жақты дамуына септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.
ШЫҰ саммиті келесі жылы Қытайда өтеді
Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
04.07.2024 13:44
606
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне төраға болуымен шын жүректен құттықтап, Қытай тарапына табыс тіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев отырысты қорытындылай келе, көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланғанын, Ұйымды одан әрі дамыту бағыты айқындалғанын атап өтті
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШЫҰ: Астана декларациясына қол қойылды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды