Жаңалықтар

ШЫҰ бақылаушылары сайлау барысымен танысты

ШЫҰ бақылаушылары сайлау барысымен танысты
Фото: m.dzen.ru 19.03.2023 09:59 846

Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов еліміздегі сайлау барысы әділ өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сайлау тыныш өтіп жатыр. Қандай да бір наразылықты байқамадық. Сайлау тәртібін бұзған жағдайда түсіндіру арқылы шешіліп жатыр. Қазақстан - ШЫҰ белді мүшесі. Шілде айынан бастап ұйымның төрағалығын қабылдады. Біз тыныш өтіп жатқан сайлауды көріп отырмыз. Біз мемлекеттің ішкі істеріне араласпаймыз. ШЫҰ-дан 18 бақылаушы келді. Олардың арасында дипломаттар, елшілік қызметкерлері, парламент мүшелері бар, - деді Григорий Логбинов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға