Жаңалықтар

Шыршаны заңсыз кескендерді не күтіп тұр

Шыршаны заңсыз кескендерді не күтіп тұр
Фото: © Pixabay.com 15.12.2023 13:40 918

15 желтоқсаннан бастап ІІМ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Шырша» акциясын бастады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Акция барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді. Аталған акцияға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілдері де атсалысатыны белгілі болды. 

Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін полицейлер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Осы салада табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Егер құқыққа қайшы әрекеттермен елеулі залал келтірілсе, онда бұл жағдайда 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп жазылған хабарламада.

Шыршаларды немесе басқа қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың немесе тасымалдаудың куәсі болсаңыз – «102» телефоны арқылы хабарлаңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға