Жаңалықтар

Шыршадан құлаған мұғалімнің ісіне қатысты қала әкімінің орынбасары тергеуге алынды

Шыршадан құлаған мұғалімнің ісіне қатысты қала әкімінің орынбасары тергеуге алынды
Фото: жеке мұрағатынан 23.01.2025 17:05 139

Бас прокурор Берік Асылов жаңа жыл қарсаңында шырша безендіру кезінде құлап, ауыр жарақат алған семейлік мұғалімнің ісі бойынша мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Семей қаласында шыршаны безендіру кезінде мұғалімнің ауыр жарақат алу оқиғасына қатысты қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев күдікті ретінде танылды.

Бас прокурордың айтуынша, мұғалімнің жарақат алу фактісі бойынша қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және ауыр салдарларға әкеп соғу» бойынша тергеу жүргізілуде. 2024 жылдың 22 желтоқсанында басталған тергеу барысында, бұл оқиғаға қатысы бар қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев, мұғалімдерді өз міндеттеріне кірмейтін жұмыстарға тарту үшін жауапкершілікке тартылып, 27 желтоқсан күні күдікті деп танылды. Қазіргі уақытта тергеу прокуратураның бақылауында жүріп жатыр.

Шыршаны безендіруге басқа да мұғалімдерді заңсыз тартуға жол берген мектеп (№19 жəне №40) директорлары (А.А. Жүнісова мен Г.Е. Сүлейменова) сөгіс түріндегі тəртіптік жауапкершілікке тартылды жəне Білім бөлімінің басшысы (Б.З. Булабаев) қызметінен босатылды, - делінген бас прокурордың жауабында.

Айта кетейік, 2024 жылдың 21 желтоқсанында Куат Айткалиев есімді мектеп мұғалімі шырша безендіру жұмыстары кезінде биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға