Жаңалықтар

Шыңғысханның етін сылып тастап, сүйегін апарып жерлеген – тарихшы

Шыңғысханның етін сылып тастап, сүйегін апарып жерлеген – тарихшы
Фото: Видеодан алынған кадр 13.09.2023 16:41 4574

Белгілі тарихшы Тұрсынхан Зәкенұлынан Qasqa Jol YouTube арнасына сұхбат беріп, ел тарихы туралы біраз ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көпшілікті қызықтырған «Шыңғысхан қай жерде жерленген?» деген сауалға былай деп жауап берді:

Шыңғыс ханды қазақ жерінде тудырған, қазақ жерінде жерлеген хикая, әфсаналардың бәрі өтірік. Біздің халықты осындаймен әдейі басын ауыртып қойған. Бізде зиялы қауымды, тарихшыларды осындай бір тартысқа әдейі салып қоятын секілді. Осыны май ішектей айналдыра беріңдер деп. Шыңғысхан Моңғолия жерінде жерленген. Сонымен қатар оның жатқан жерінен қазына табамыз деген де өтірік нәрсе. Ол қарапайым ғана жерленген. Өзінің сүйегі өз жерінде қалған. 1227 жылы қайтыс болғанда етін сылып тастап, сүйегін апарып жерлеген, - деді ол.

Ол «Шыңғысхан – қазақ» дегендермен келіспейтінін және ондайларды «әуесқой тарихшылар» деп атады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға