Шыңғыс Мұқан Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен босады
Фото: abai.kz
Фото: abai.kz
24.12.2022 09:23
4023
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан жұмысынан босады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Шымкент қаласы әкімдігінен жұмыстан шықтым. Әкімнің бірінші орынбасары лауазымына сонау ковид өршіп тұрған дағдарыс кезінде, 2020 жылғы шілде айында келіп едім. Екі жарым жылға жуық жұмыс істеппін. Одан бері небір қызық, небір қиыншылық өтті. Оның ішінде әрине Қаңтардың орны ерек. Бұл шешім бір күнде туған жоқ. Біраздан бері пісіп-жетілді»-делінген жазбада.
Сондай-ақ, алдағы жоспарын бөліскен ол әзірге ағартушылық пен шығармашылыққа ден қоятынын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазгидромет 24 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты
Келесі жаңалық
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі несімен тиімді