Жаңалықтар

Шыңғыс Әрінов бастаған Қазақстан ТЖМ делегациясы Қырғызстанға барды

Шыңғыс Әрінов бастаған Қазақстан ТЖМ делегациясы Қырғызстанға барды
Фото: ТЖМ 15.08.2024 00:45 500

15 тамызда Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының Өңірлік форум-кеңесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы форум аясында бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің алтыншы бірлескен отырысы өтті.

Тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты.

Іс-шара барысында ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов министрліктердің аумақтық бөлімшелері арасындағы шекара маңындағы ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ ауқымды зілзалалар мен апаттар жағдайында практикалық өзара іс-қимылды пысықтау қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжікеев сел тасқынынан зардап шеккен Қырғызстан тұрғындарына гуманитарлық жүк түрінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Ол сондай-ақ авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде практикалық өзара іс-қимылды пысықтаудың маңыздылығын атап өтті.

Алқаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау шеңберінде делегациялар алдыңғы бесінші бірлескен отырыстың шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты жеткізді. Сондай-ақ іс-шара барысында төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюда жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану бойынша тәжірибе алмасылды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілді. Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының Төтенше жағдайлар министрліктері алқасының кезекті жетінші бірлескен отырысы 2026 жылы Қазақстан аумағында өткізілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға