Жаңалықтар

«Шындық ешкімге керек емес». Бишімбаев өзін қорғауға мүмкіндік берілмегенін айтты

«Шындық ешкімге керек емес». Бишімбаев өзін қорғауға мүмкіндік берілмегенін айтты
Фото: Жоғарғы сот 26.06.2024 15:37 722

Әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев аппеляциялық сотта мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экс-министр үкімнің жойылуын талап еткен адвокаттарының ұстанымын қолдады. Ол сотта өзін қорғауға ешқандай мүмкіндік берілмеді деп отыр.

Айтылған барлық нәрсені қолдаймын, маған дәлел келтіруге мүмкіндік бермеді, оны бірнеше рет сотта айттым. Іс материалдарымен танысып шығуға да мүмкіндік берілмеді. Менің түсінігімше, шындық ешкімге керек емес, шешім алдын ала шығарылып қойылды, – деді ол.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов үкімді жеңілдету үшін пара беру фактісі болмағанын мәлім етті. Сондай-ақ соттан үкімнің күшін жоюды сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға