Жаңалықтар

Шын дәрігер – алдымен өзіне адал болуы керек

Тамыры тереңнен бастау алатын емдеу ісі қанша ғасырды артқа тастағанымен, өз өзектілігін күшейтпесе жойған жоқ, жоймайды да.
08.09.2014 11:28 12155

Тамыры тереңнен бастау алатын емдеу ісі қанша ғасырды артқа тастағанымен, өз өзектілігін күшейтпесе жойған жоқ, жоймайды да. Оның бірден бір себебі - адамзат денсаулығы. Сондықтан, емдеу ісі адамзатпен бірге жасай бермек. Төменде болашақ дәрігерлерге  үлгі болсын деген мақсатпен, бүкіл өмірін халық денсаулығына арнаған ардагер дәрігерлерден алған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Шын дәрігер – алдымен өзіне адал болуы керек

Қойшығұл Ілиясов,40 жыл бойы түрлі операциялар жасап, талай адамдарды ажалдан сақтап қалған хирург:

-         Оқу бітірісімен өз қалауыммен ауылға бардым. Ол кездері қазіргідей компьютердейтіндер болған жоқ. Ауылдың тұрмысы қиын-тұғын. Операция жасаған кезде эфир майымен қолдан наркоз жасайтынбыз. Қайтерсің, жағдай сондай болды. Төрт жылдан кейін отбасыммен қалаға келдім. Жұмыс ауыр болды, бірақ соның арқасында үлкен тәжірибе жинадым. Мен үшін ең бастысы келген адам өз аяғына қайта тұрып, «рахмет» десе, сол маған ең үлкен «награда» болатын. Содан артық маған ештеңе керегі жоқ. Көшеде жүргенде кейбіреулер, танығандары алдыма келіп «Сіз бәленшесіз ғой, сіз маған алдында операция жасап едіңіз ғой» деп қолымды алып, амандасып, алғысын айтып жатады. Сол кезде төбем көкке жетіп, жауырыныма қанат біткендей қуанышты күйге түсем. Жастарға айтарым, ең бастысы адал болу керек, өз міндетін дұрыс атқарса, халыққа да керегі осы.

 Шын дәрігер – алдымен өзіне адал болуы керек

Р.Төлебаев пен А.Рахишев (сол жақтан бастап)

Райыс Төлебаев, медицина ғылымдарының докторы:

-         Тоқсаныншы жылдардың ортасында қаражат жетіспеушілігінен, аудиторияларға жылу берілмей, студенттер екі-үш айдай стипендиясыз жүрген кездер болды. Ол уақытта күн де қатты суық болатын. Студенттеріміз қалың киініп, лекцияларда пәлтемен отыратын. Соған қарамастан, лекцияға студенттердің 100 пайыздайы келіп, қатысып отырды. Міне қандай патриоттық сезім болды. Ал енді, қазір қандай екенін білмеймін. Қазір барлық жағдай жасалған. Дәрігер болу үшін ең алдымен адам шын жүрегімен осы мамандықты жақсы көруі керек. Өзім туралы айтайын, мен тоғызыншы класстан бастап, сол дәрігер болам деп, өзіме мақсат қойдым. Мынау өзі, жүректе салынған ол сезім. Халыққа көмек жасаймын деген сезім болуы керек, сөйтіп барып осы мамандықты таңдау керек.

 Шын дәрігер – алдымен өзіне адал болуы керек

Ерболат Даленов, медицина ғылымдарының докторы:

-         Дәрігер болу үшін ең бірінші ұқыптылық керек, күн сайын жаңа нәрсені үйренуге асық болып, өзін-өзі психологиялық тұрғыдан да, білім жағынан да дайындау керек. Болашақ дәрігер мамандарға айтарым, адамның жаманы жоқ, жаман мінез бар. Сондықтан да, адам бір-біріне жақсы көңіл күймен қарым-қатынаста болса, сонда денсаулығы да жақсы болады, сонда ол жақсы дәрігер де болады.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға