Жаңалықтар

Шымкенттік шенеуніктер мемлекеттік сатып алуды конкурссыз өткізбек болған

Шымкенттік шенеуніктер мемлекеттік сатып алуды конкурссыз өткізбек болған
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 23.08.2023 18:14 761

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкентте шенеуніктердің ірі мемлекеттік сатып алуды конкурссыз өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы төтенше жағдайлардың салдарын жою тәсілімен «Бадам» өзенінің жағалауын бекіту жұмысын конкурссыз 4,8 млрд теңгеге тікелей сатып алуды жоспарлаған.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша тапсырыс берушімен бір көзден сатып алу әдісі рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсіліне өзгертілді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар осыған ұқсас тағы екі лот бойынша сатып алу тәсілін негізсіз таңдағаны үшін уәкілетті орган қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бұрынғы басшысы Е.Жолдасовты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға