Шымкенттік екі тұрғын асыл тұқымды жылқыларын жоғалтып алды
Шымкентте асыл тұқымды жылқы бағуды кәсіп еткен қос тұрғын төрт түлігін жоғалтып алды, El.kz ақпарат агенттігі.
Екеуі де дереу полицияға арызданған. Айтуларынша, түнгі уақытта сарайда тұрған жылқылары жоғалып кеткен. Келтірілген шығын – 2,5 млн теңге.
Жедел-іздестіру жұмыстарына нәтижесінде жылқылар жарты күнде табылды. Төрт түлік сарайдан бірнеше шақырым жерде жайылып жүрген.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда мегаполисте үй жануарларын ұрлау қылмыстарының алдын алуға және ашуға бағытталған "Мал ұрысы" профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Екі күн ішінде шаруашылық жануарларын жаю қағидаларын және ветеринария саласындағы заңнаманы бұзудың 52 жайты анықталған. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 408 және 406-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқи отырыңыз:
- Жамбылда жайылымнан жылқы ұрлап, оны сойып сатқандар ұсталды
- Алматы облысында қаскөй бір адамның сарайынан төрт рет мал ұрлаған