Жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған шақалақты аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған шақалақты аман алып қалды
Фото: Шымкент қ. денсаулық сақтау басқармасы 15.03.2025 08:23 118

Шымкент қалалық перинаталды орталықтың дәрігерлері ауыр жағдайда өмірге келген сәбиді аман сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, нәрестенің анасы, Шымкент қаласының тұрғыны Айман Сарыбаева "Плацентаның мерзімінен бұрын ажырап кетуі" диагнозымен орталыққа ауыр жағдайда жеткізілген. Шұғыл түрде әрекет еткен дәрігерлер әйелді кесарь тілігі жолымен босандырып алған. Бірақ дүниеге келген нәрестенің жағдайы қиындап, жүрегі соқпай қалған.

Дер кезінде әрекетке көшкен неонатолог — дәрігерлер жедел түрде сәбиге алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалды. Қазір бала мен оның анасының жағдайы жақсы. Сәбидің денсаулығы жақсарғаннан соң анасы екеуі  үйіне шығарылды. Нәрестенің анасы перзентін ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғысын білдірді,-деп атап өтті басқармадан.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға