Жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған адамның өмірін сақтап қалды

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған адамның өмірін сақтап қалды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі 25.04.2023 18:45 1331

Шымкенттік дәрігерлер клиникалық өлім күйіне түскен адамды тірілтіп алды, деп хабарлайды Еl.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қалалық №2 ауруханасына жедел жәрдеммен 52 жастағы қала тұрғыны аса ауыр халде жеткізілді. Науқас жолда клиникалық өлімді бастап кешкен. Қиындықтарға қарамастан, дәрігерлер оған дер кезінде алғашқы көмек көрсетті. Нәтижесінде жүрегі тоқтап қалған тұрғынның күретамыры қайта соққан.

«Тұрғын ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өліммен жеткізілді. ИВЛ аппаратын қостық. Қазіргі жағдайы тұрақты, науқас өздігінен демалып жатыр. Пациент үшінші күні жансақтау бөлімінен кардиология бөлімшесіне ауыстырылды», - дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Шераліұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға