Жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер аймақтағы ауруханаларда науқастарды қабылдайды

«Менің сүйікті дәрігерім» акциясы ұйымдастырылды
Шымкенттік дәрігерлер аймақтағы ауруханаларда науқастарды қабылдайды
Фото: gov.kz 21.11.2022 19:00 1812

ҚР ПІБ Медициналық орталығының жыл сайынғы «Менің сүйікті дәрігерім» акциясы аясында 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында дәрігерлер Шымкент, Мырзакент, Атакент, Асықата, Жетісай қалаларында науқастарды тегін қабылдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Акцияның мақсаты – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру.

Мамандар  тобында: кардиохирург Ерлан Денеев, аритмолог Ринат Камиев, ангиохирург Талғат Сәрсембаев, кардиолог Назира Алибаева.

Қабылдау күндері мен мекенжайы:

Шымкент қ. - 28 қараша. Шымкент Жүрек Орталығы

Мырзакент кенті - 29 қараша. Аудандық орталық аурухана

Атакент кенті - 30 қараша. Аудандық орталық аурухана / аритмолог болмайды

Асықата кенті - 1 желтоқсан. Аудандық орталық аурухана /аритмолог болмайды

Жетісай қ. - 2 желтоқсан. Аудандық орталық аурухана /аритмолог болмайды

Кеңес алуға келген науқастың қолында жеке басын куәландыратын құжаты мен бұрынғы сараптамаларының нәтижесі болуы керек. Дәрігердің дәл диагноз қойып, шешім қабылдауы үшін науқас әкелуі тиіс:

- кардиохирургқа: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/ КТ дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;

- аритмологқа: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы.

- ангиохирургке: қантамырлары УДДГ, КТ немесе аортография дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.

-кардиологқа: жүрек УДДГ, ЭХОКГ хаттамасы, барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға