Шымкенттен Мюнхенге әуе рейсі ашылады

Фото: Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі
07.03.2025 14:16
373
Биылғы 27 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады. Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.
Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
