Жаңалықтар

Шымкенттегі "гүл ұрлау" оқиғасы: Шенеунік жұмысынан босатылды

Шымкенттегі "гүл ұрлау" оқиғасы: Шенеунік жұмысынан босатылды
Фото: Видеодан кадр 16.08.2023 11:45 1083

Шымкентте дүкеннен гүл шоғын күшпен алып кеткен ер адамның жанында болған лауазымды қызметкер жұмысынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін видеодағы екінші адам Шымкенттегі Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды екені, ол қатаң сөгіс алғаны хабарланған болатын. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығына қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізумен қолданылған тәртіптік жазаның пропорционалдығын зерделеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Алайда, қазіргі уақытта Данияр Елқонды өзі берген өтініш негізінде атқаратын қызметінен босатылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың мемлекеттік қызметті өз еркімен тоқтатуына ешқандай кедергі болған жоқ, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 8 мамырда ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Ол 1989 жылы туған Б. есімді азамат. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер.

Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.

Бұл жайтқа қатысты Тұран АПБ-да ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен «Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау» сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат ағымдағы жылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға