Шымкенттегі дендрологиялық саябақтың суару жүйесі жаңартылып жатыр

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
07.08.2023 05:26
1067
Ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылатын А.Асқаров атындағы Шымкент Дендрологиялық саябақ аумағы заманауи талапқа сай суарылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Саябақты жүйелі түрде суару мақсатында 4 су ұңғымасы қазылды. Сондай-ақ суару жұмыстарына демеушілер есебінен 4 техника 20 ға жуық жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі таңда 1 су ұңғымасы іске қосылып, Тұлпар аумағын суару жұмыстары жүргізілуде, 2 су ұңғымасы жақын күндері іске қосылады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда дендросаябаққа күрделі жөндеуден өткен БМК су арнасы арқылы су келіп, жасыл желекті суғару жұмыстары талапқа сай атқарылуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында сұйытылған мұнай газының қосымша көлемі бөлінді
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды