Жаңалықтар

Шымкенттегі дәмханада жалған АҚШ долларын сатпақ болған азамат ұсталды

Шымкенттегі дәмханада жалған АҚШ долларын сатпақ болған азамат ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.02.2024 10:45 751

Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеді.

Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды, - делінген ҚМА мәліметінде.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға