Шымкентте ерекше бағдаршам орнатылды
Жаңа технология
27.04.2016 04:30
4144
Таяуда Шымкент қаласында жаяу жүргіншілер жолының үстіне жасыл және қызыл түсті шамдар орнатылды.
Бұл шамдар алыстан жарқырап көрінетін болғандықтан, көру қабілеті нашар кісілердің қауіпсіздігіне септігі тиеді. Сондай-ақ, олар әркез қолынан телефон, гаджеті түспейтін кісілерге де пайдалы. Қондырғы қиылыстағы бағдаршаммен қатар жұмыс істейді.
Жаңа құрылғы әзірше қала орталығындағы жалғыз қиылысқа ғана орнатылған. Мұның өзі демеушілердің қаржысына сатып алынған екен. Жоба өз нәтижесін берген жағдайда бағдаршам басқа қалаларға да орнатылуы мүмкін.
Айбота Өтеулі
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Жер күнінде» мыңнан астам көшет егіледі
Келесі жаңалық
Астанада «Бұрқасын-2025» қысқы фестиваль өтті