Жаңалықтар

Шымкентте де LRT салынуы мүмкін

Сарапшылардың пікірінше, миллионер қалаға балама көлік түрі қажет.
Шымкентте де LRT салынуы мүмкін
02.07.2022 08:20 1386

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ОКҚ брифингінде мегаполисте көліктің балама түрлерін салу мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz порталы.

Мұрат Әйтенов мұндай ұсыныс қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізу аясында келіп түскенін хабарлады.

– Барлық мамандар баламалы көліктің болуын талап етеді - бұл ЛРТ және БРТ. Қайсысын бірінші болып іске асыратынымыз қала бюджетінің мүмкіндіктеріне байланысты. Сондай-ақ инвесторлардың мүмкіндіктері мен ұсыныстары да қарастырылады. Бүгінгі таңда бізде қоғамдық көлік толығымен нарықтық экономикада, – деді Мұрат Әйтенов.

Мұрат Әйтенов бас жоспардың қайта әзірленбейтінін атап өтті. Оған тек өзгерістер енгізіледі.

– Қаланың бас жоспары 2012 жылы бекітілді. Ол кезде Шымкент облыс орталығы болған. Қазір қалада миллионнан астам адам тұрады. Биыл халықтың өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізілуде. Біз қала тұрғындары өз ұсыныстарын бере алуы үшін бір ай мерзім бердік. Сарапшылардың пікірінше, миллионер қалаға балама көлік түрі қажет. Қазір LRT және BRT сызбалары дайындалуда. Алдағы уақытта бұл мәселені Үкіметпен талқылайтын боламыз. Сондай-ақ біз LRT енгізу үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастырамыз, – деді Шымкент әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға