Шымкентте 50-ден астам көлікті заңсыз тіркеудің жолы кесілді
Фото: zn.ua
Фото: zn.ua
04.08.2022 11:42
1024
Ішкі істер министрлігі құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша алдын алу шараларын іске асыруда, деп хабарлайды El.kz
Арнайы операцияның нәтижелері бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында Шымкент қаласындағы ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жақын шетелден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті.
Шымкентте осы схема бойынша қазақстандық есепке қойылған 53 автокөліктен мемлекетке 320 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға