Жаңалықтар

Шымкентте жүкті әйел көлікте босанып қалды

Шымкентте жүкті әйел көлікте босанып қалды
Фото: Видеодан кадр 01.03.2024 19:14 771

Жүкті келіншекті күйеуі көлікпен перзентханаға жеткізбек болған. Алайда толғағы қысқан әйел көлік ішінде босанып қалды. Ана мен сәбидің тез арада перзентханаға жетуі үшін патрульдік полицейлер көмекке келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицейлерге көлік жүргізушісі жүгінген. Ер адам әйелінің жолда толғағы қысып, ауруханаға жетпестен машинада босанғанын айтқан.

Тәртіп сақшылары Нұралы Тәукеев пен Саят Керімбек жедел әрекет етіп, сиреналарды қосып, көлікті сүйемелдеп алып жүру арқылы жаңа туған нәресте мен оның анасын перинаталдық орталыққа барынша жылдам жеткізген.

Осылайша бірнеше минут ішінде ана мен бала дәрігерлерге тапсырылды.

Жаңа сәби отбасының екінші перзенті екен. Қазіргі таңда нәресте мен анасының жағдайы бірқалыпты.   

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Қаласының Полиция Департаменті (@police_shymkent)

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға