Шымкентте жол апаты болып, бір көлік толық өртеніп кетті

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
14.06.2023 12:41
1553
Абай АПБ-ға қарасты Шым-сити мөлтек ауданында жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 маусым сағат 19:15 шамасында болған.
Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі атауы жоқ көше қиылысында екінші дәрежелі жолда бола тұра, басты жолда келе жатқан Toyota Camry және Opel Vectra көліктерімен соқтығысқан, - делінген мәліметте.
Салдарынан әртүрлі дене жарақатымен 3 жүргізуші және 4 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ. Дегенмен Mercedes Benz толықтай өртеніп кетті.
ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Алдағы уақытта жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданады, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
