Шымкентте жергілікті тұрғынды пышақтаған ер адамға іздеу жарияланды

Шымкент қаласында жергілікті тұрғынды пышақтаған ер адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы ПД Еңбекші аудандық ПБ 1994 жылы туған Тойшыбек Бағлан Нұрланұлына іздеу жарияланады. Бұрынғы мекенжайы - Шымкент қаласы Самал-1 мөлтек ауданы, Еркіндік көшесі 34 үй.
ҚР ІІМ мәліметінше, оқиға 2021 жылғы 24 қарашада болған.
Оқи отырыңыз:
- «Әскери құрылыс» АҚ басшысы туысқандарымен бірге бюджеттен ақша ұрлаған
- Ақмолалық оқушы Бурабайдағы қарағай инелерінен аскорбин қышқылын өндіреді
Бағлан Тойшыбек 2021 жылы 24 қараша сағат 20:00 шамасында Күншығыс мөлтек ауданы №3 үй жанында жергілікті азаматты бірнеше рет пышақтап, ауыр дене жарақатын салып, оқиға орнынан ізін суытқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 24-99-бабы 1-бабы «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша тіркелді, - делінген полиция таратқан мәліметте.
Күдіктті тергеу мен соттан бой тасалап, тұрғылықты мекенжайынан көшіп кеткен. Бұған дейін 2021 жылы Бағлан Тойшыбекке қатысты екі рет іздеу жарияланды, олардың бірі – халықаралық іздеу. Бірақ атқарылған жұмыстар нәтиже бермеген.
Суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе ( 8-771-671-56-63 ) 57-27-42 , 51-22-01 , 57-27-60 , 57-01-02 , факс: 57-03-41 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз, - делінген мәліметте.
