Жаңалықтар

Шымкентте жер телімдерінің шекарасын заңсыз өзгерткен екі адам сотталды

Шымкентте жер телімдерінің шекарасын заңсыз өзгерткен екі адам сотталды
Фото: El.kz/Бауыржан Жуасбаев 12.08.2024 19:37 939

Шымкентте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкері сотталды. Үкім қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар Қылмыстық кодекстің 206-бабының 3-бөлігінде және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Екі сотталушыға да 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айырылды.

Тергеу барысында сотталған адамдардың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталған. Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке 50 млн теңгеден астам залал келген.

Үкім заңды күшіне енді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға