Жаңалықтар

Шымкентте Жер қатынастары басқармасының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

Шымкентте Жер қатынастары басқармасының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді
Фото: © Pixabay.com 05.05.2023 11:27 804

Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасының басшылығы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғариннің мәліметінше, қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшы құрамына қатысты бірқатар қылмыстық іс тергелуде.

Басқарма басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Оның орынбасары мен бөлім бастығы алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында жер учаскесін мемлекеттік алып қою кезінде бюджет қаражатымен кедергісіз ақы төлегені үшін кәсіпкерден 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, - дейді Дәурен Ерғарин.

Сот күдікті адамдарға қатысты бұлтартпау шараларын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға