Жаңалықтар

Шымкентте жемқорлық 100 пайызға жойылды - Руслан Берденов

Шымкентте жемқорлық 100 пайызға жойылды - Руслан Берденов
Фото: Шымкент әкімдігі 04.03.2025 10:11 459

Жақында ғана Шымкент қаласының әкімі орынбасары болып тағайындалған Руслан Берденов күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның тілшілердің сауалына берген жауабында қалада құрылыс пен мемлекеттік сатып алу салаларында жемқорлық толыққанды жойылды деп отыр.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша – бізде бұрын болған сыбайлас жемқорлық деректері қазір жоқ. Мен мұны ашық, ресми түрде айта аламын және бұл тек менің емес, бұл осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің сөздері. Қазір құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық жоқ, – деді Берденов.

Еске салсақ, әкім орынбасары болып тағайындалғанға дейін Руслан Берденов Парламент Мәжілісінің депутаты болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға