Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шықты

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
30.12.2024 15:42
518
Шымкенттегі Абай ауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкентте ТЖД қызметкерлері жеке тұрғын үйде шыққан өртті сөндірді. Абай ауданында Қайнарбұлақ саяжай массивінің аумағында жеңіл автокөлік өртеніп, артынша жалын шаруашылық нысан мен тұрғын үйге көшкен.
ТЖД күшімен 226 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ХҚО-лардың мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары 6 адамды балшықтан шығарды