Жаңалықтар

Шымкентте жеке сот орындаушысы 500 мың теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген

Шымкентте жеке сот орындаушысы 500 мың теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 04.06.2024 19:10 894

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының берешекті өтеуге арналған 556 953 теңгені иемдену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы сотының шешімімен борышкер «С» өндіріп алушы «Б»-ға 1 275 000 теңге қаражатын өндіріп беруге міндетті болған. Белгіленген қаражат борышкердің айлық жалақысынан ай сайын өндіріліп, жеке сот орындаушысының есеп шотына аударылып отырған.

Ол өз кезегінде қаражаттарды өз қажеттілігіне жаратқан. Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігімен (Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы) басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру 15.05.2024ж. тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Жосықсыз жеке сот орындаушысы республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға