Шымкентте жаңа жыл түні мыңнан астам адам полицияға хабарласқан
![Шымкентте жаңа жыл түні мыңнан астам адам полицияға хабарласқан Шымкентте жаңа жыл түні мыңнан астам адам полицияға хабарласқан](/storage/storage/element/2025/01/01/mainphoto/136270/1200xauto_WLO51bV3jg3SzTmRknFtff62PGa3oZ5I4YewgvO2.jpg)
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
01.01.2025 23:44
1414
Шымкентте жаңа жыл түні тыныш өтті. Полицияға 1000-нан астам қоңырау түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментіндегілер тәртіп сақшылары барлық шақыртуларға жедел ден қойып, тиісті шаралар қабылдағанын атап өтті.
Мерекелік іс-шаралар өткізілген орындарда патрульдеу кезінде полицейлер жоғалған 20 баланы тауып, ата-аналарына қайтарған. Ал жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде көлікті мас күйінде басқарған 3 жүргізуші анықталған. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Айта кетейік, қала аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2 мың полиция қызметкері жұмылдырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
ТЖМ мамандары 3500 метр биіктікте адам өмірін құтқарды