Жаңалықтар

Шымкентте жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішкен тұрғын сотталды

Шымкентте жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішкен тұрғын сотталды
Фото: видеодан алынған кадр 08.09.2023 10:42 685

Жалған түбіртек көрсетіп, тегін ас ішкен шымкенттік сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дерегінше, 30 жастағы қала тұрғыны қоғамдық тамақтану орнында тегін ас ішіп, азық-түлікке ақша үнемдеуді шешкен. Кассирлерге төлем жасау кезінде ол электронды аударымның жалған түбіртектерін көрсетіп, екі күн ішінде 5-6 рет тегін тамақтанған.

Тұрақты келушіге алданғанын білген дәмхана қызметкерлері бұл туралы полицияға хабарлады.  Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Тұран АПБ-ның қызметкерлері мекеме камераларындағы бейнежазбаларды тексеріп, күдіктінің жеке басын анықтады. Оны іздеуге криминалдық полицияның жедел уәкілдері мен жергілікті полиция қызметінің инспекторлары жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары ықтимал куәгерлерден жауап алып, ер адамның қозғалыс бағытын нақтылады.

Ұсталған адам көктемде тонау қылмысын жасағаны үшін сот тағайындаған бас бостандығын шектеу жазасын әлі де өтеп жатқаны белгілі болды. Аталған жазаның өтелмеген мерзімін қосу арқылы сотталушы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Тұран АПБ-ның анықтаушысы Ернұр Әбубәкір.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға