Шымкентте үшем дүниеге келді
Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы
Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы
29.01.2024 19:20
730
Шымкентте үшем туылды. 20 жастағы қала тұрғыны алғашқы жүктілігінде бірден үш сәбиді өмірге әкелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, жас ананы қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері кесір тілігі арқылы босандырып алған. Сәбилердің салмағы - 1925, 1625, 1900 грамм, ал бойы 43-47 см аралығында.
Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған. Үшемге ата-анасы Айлу, Саллахаддин, Аль – Сафи деген ерекше есім берген. Біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған нәрестелер бүгін перзентханадан үйіне шығарылды.
Оқи отырыңыз:
- Түркістан облысында үшем дүниеге келді
- Ақмолалық ата-ана жаңа туған сәбиге құтқарушының есімін берді
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент өнертабыстарды құқықтық қорғауға қатысты қол қойды
Келесі жаңалық
Абай облысындағы әлеуметтік нысандар тексерілді