Жаңалықтар

Шымкентте үш жылда 144 спорт нысаны салынған

Шымкентте үш жылда 144 спорт нысаны салынған
Фото: Шымкент әкімдігі 24.06.2023 03:12 639

Шымкентте спорттық нысандар саны 1077-ге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 144-ке артқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Шаһар әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылы қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 115 спорт алаңшаның құрылысы жүргізілді. Оның 14-і демеушілер есебінен, қалған 101 спорт алаңшаның құрылысына бюджеттен 2 060.0 млн теңге қаржы бөлініп, спорт алаңшалары пайдалануға берілді.

Жеке инвесторлар арқылы «SHootting plaza» әмбебап ату кешені іске қосылды. 2023 жылы «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы», «Металлург» стадионын реконструкциялау» құрылыс жұмыстары, Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Ал жыл соңына дейін №12 спорт мектебінің қосымша корпусы құрылысы бітеді деп жоспарланып отыр, - делінген мәліметте.

Жалпы өңірде тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін жағдайлар жасалып жатыр. Бүгінде қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 498 852 адамға жетіп, 42% құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға