Жаңалықтар

Шымкентте үш адамның өліміне себепші болған жүргізушіге үкім шықты

Шымкентте үш адамның өліміне себепші болған жүргізушіге үкім шықты
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі 21.06.2023 21:32 960

Шымкентте үш адамның өліміне себеп болған көлік жүргізушісіне үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр көктемінде Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі есірткіге масаң күйде Алматы-Ташкент-Термез тас жолының бойымен белгіленген жылдамдықтан асырып, тыйым салынған бағдаршамға мән бермей, көлік басқарған.

Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін барып, Hyundai Starex көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Альфард қарсы жолаққа шығып кетіп, Daewoo Gentra көлігін соққан. Салдарынан Hyundai Starex көлігінің 57 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушылары 65 жастағы зейнеткер және 35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, - делінген мәліметте.

Аталған факт ҚР ҚК 345-1-бабы 4-бөлігімен СДТБТ-не тіркелді.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, қылмыстық іс материалдарын айыптау актісімен бірге сотқа жолдады, - деп қосты ведомство өкілдері.

Сот үкімімен қылмыскер 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға