Жаңалықтар

Шымкентте түрмеден ерте босаған 138 адам қателіктері үшін қайта қамалды

Шымкентте түрмеден ерте босаған 138 адам қателіктері үшін қайта қамалды
Фото: El.kz 30.01.2025 14:08 229

«Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында қалалық прокуратура пробация есебінде тұрғандарды тексеру бойынша мобильдік топ құрды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында мобильдік топпен сотталғандардың сот шешімдері мен үкімдері негізінде қойылған шектеулерді орындамау бойынша 258 заң бұзушылық анықталды.

Тексеру қорытындысымен 192 сотталған әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 138 сотталғандардың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қалалық прокуратура қайталанатын қылмыстардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға