Шымкентте тұрғын арыстан абданын сатпақ болған

Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ
21.11.2024 12:04
490
Шымкентте полиция арыстан абданын сатпақ болған түркістандықты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, 20 қараша күні полицейлер қаладағы базарлардың бірінің маңында арыстанның күшігін сатпақ болғандарды анықтады.
Жедел уәкілдер жануарды Түркістан облысы тұрғынының автокөлігінің жүк салғышынан тапты. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелді, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Атыраудағы мал базарында Сібір жарасы табылды
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы