Жаңалықтар

Шымкентте туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім сабақ берген

Шымкентте туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім сабақ берген
Фото: El.kz 13.04.2023 19:07 843

Бастауыш сынып мұғалімі туберкулездің ашық түріне шалдыққанына қарамастан оқушыларға сабақ берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға қаладағы №33 орта мектепте болған.

“11 сәуірде жағдай анықталғаннан кейін мектепті толық дезинфекциялау жүргізілді. Кеше, 12 сәуірде мектеп жұмыс істемеді. Осы уақытта байланысқан адамдар анықтала бастады, олар медициналық бақылауға алынды. Науқастың өзі ауруханаға жатқызылды және оқшауланды. Оның жағдайы тұрақты", – деді Шымкент қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

Мұғалім бірнеше сыныпта сабақ берген, атап айтқанда, бірінші және төртінші сынып оқушыларымен байланыста болған. Санэпидемиолог мамандардың айтуынша, оқушылар мен оқытушылар құрамы арасында туберкулездің таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданған. Санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға