Жаңалықтар

Шымкентте төрт жекеменшік мектеп биыл пайдалануға беріледі

Шымкентте төрт жекеменшік мектеп биыл пайдалануға беріледі
Фото: Шымкент қалалық әкімдігі 10.08.2023 04:41 1308

Биыл Шымкентте бірқатар жекеменшік мектеп құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, жаңа білім ошақтары Сайрам, Базарқапқа тұрғын алаптары мен Нұрсат шағынауданында бой көтеруде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Сайрам тұғын алабындағы «Астана» және Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерінің құрылысын тексерді.

Оқи отырыңыз:

«Астана» мектебінің 2 мың орындық білім ғимараты 3 қабаттан тұрады. Мұнда құрылыс наурыз айында басталған. Ал, Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі 3 мың орынға лайықталған. 3 қабатты ғимарат заманауи үлгіде бой көтеруде. Екі нысанда да қазір ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары атқарылып, аулалары абаттандырылуда, - делінген мәліметте.

Ал орындалған жұмыстардың көлемі 90-95% құрайды. Озық үлгіде салынған білім ошақтары қыркүйекте оқушыларға есіктерін айқара ашатын болады.

Жеке мектептер бала саны жыл санап артып келе жатқан елді мекендердегі мектептердің жүктемесін азайтып, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс барысында ең алдымен оқушылар қауіпсіздігін қамтып, өскелең ұрпақтың жайлы жағдайда білім алуына қажетті шаралардың барлығын ескеру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға