Шымкентте табиғат қорғау заңнамасын бұзған 200 адам жауапқа тартылды

Шымкент полицейлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шара кезінде табиғат қорғау заңнамасын бұзған 200 тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Профилактикалық шараның мақсаты – заңсыз аң аулау, ағаштарды заңсыз кесу, биологиялық ресурстар объектілерін заңсыз алу, тасымалдау, сату немесе өткізу жайттарының жолын кесу.
20 күнде тәртіп сақшылары 200-ге жуық табиғатты қорғау заңнамасын бұзу жайтын анықтаған. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 382-бабымен 38 адам жауапқа тартылған. Ал азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзғаны үшін 116 азаматқа айыппұл салынса, ӘҚБтК-нің 386-бабына сәйкес жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бұзған 38 тұлға ескерту алды.
Оқи отырыңыз:
- Аққулардың жаппай қырылуынан кейін Rixos Aktau қонақүйіне қатысты іс қозғалды
- Елімізде суды пайдалану жүйесі қай деңгейде қалыптасқан
