Жаңалықтар

Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып нәресте дүниеге келді

Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып нәресте дүниеге келді
Фото: Pixabay.com 25.04.2023 12:30 1432

Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сәбидің салмағы 6 келі 50 грамды құраған. Ал, бойы 63 см болыпты. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Бес күн перзентханада жатқан олар, үйлеріне шықты. Дегенмен, дәрігелер бақылауды үзген жоқ.

«Шымкент қалалық перзентханасында тәулігіне 30-35 нәресте өмірге келеді. Сондай арпалыс күндердің бірінде жедел жәрдем қызметкерлері жүкті келіншекті алып келді. Оның жүктілігі 39 апта екен.

Тексеру барысында іштегі баланың салмағы үлкен екендігін анықтадық. Содан дәрігерлер кеңесе келе ота жасадық. Барлығы сәтті өтті» - дейді Шымкент қалалық перзентхананың акушер-гинеколог дәрігері Жарқын Данияров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға