Жаңалықтар

Шымкентте қызметтік иттердің көмегімен 27 қылмыс ашылды

Шымкентте қызметтік иттердің көмегімен 27 қылмыс ашылды
Фото: © Polisia.kz 02.08.2023 05:31 1102

Жыл басынан бері кинологиялық қызмет орталығының сақшылары қылмыс ашу барысында 570 рет қызметтік іздестіру иттерін пайдаланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде алты ай ішінде төбеттердің арқасында 27 қылмыс ашылды. Оның ішінде, 11 ұрлық, 3 тонау, 1 қарақшылық, 2 адам өлімі, 3 денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру және 6 есірткі қылмысы деректері әшкереленді. 

Биылғы жылы есірткі заттарын іздестіру барысында қызметтік иттердің көмегімен жарты келі есірткі тәркіленді. 

Мәселен, шілде айының ортасында Еңбекші АПБ-ның “102” арнасына отбасылық жанжал туралы шақырту келіп түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобымен кинология қызметкері де барды. Мән-жайды анықтау барысында Марс есімді қызметтік ит жергілікті тұрғынның үйінен жасыл түсті, хош иісті, есірткіге ұқсас заттар тапты.

Тәртіп сақшылары қажетті сараптама тағайындады. Қорытындысы бойынша, тәркіленген заттар салмағы 9,17 граммды құрайтын кептірілген марихуана екендігі расталды. 

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену және сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Айта кетейік, қызметтік иттер тек қылмысты ашуда ғана емес жолғанған жасөспірімдер мен бүлдіршіндерді дер кезінде табуға да зор үлес қосып келеді. Осылайша, жыл басынан бері белгісіз бағытта жоғалып кеткен 3 баланы қызметтік иттер аман-есен тауып берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға