Шымкентте қылмыстық әрекет жасаған 14 адам анықталды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
16.07.2024 17:42
552
Полиция жастардан құралған топтың қылмыстық әрекеттерін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Топ мүшелерін Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент және Алматы қалаларының аумағында ұстады.
Оларға қатысты көңіл көтеру мекемелеріне ықпал ету бойынша қаруды қолдана отырып, қылмыстық әрекеттер жасағаны туралы жайттар тіркелген.
Полицияға 14 адам жеткізілді, тінту шараларының нәтижесінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Антикор жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттар енгізбек