Жаңалықтар

Шымкентте құрылысы аяқталмаған екі қабатты үйдің шатыры жанып кетті

Шымкентте құрылысы аяқталмаған екі қабатты үйдің шатыры жанып кетті
Фото: Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті 16.07.2023 16:20 773
Шымкент қаласында құрылысы бітпеген екі қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінш, өрт 15 шілде күні сағат 15:45-те шыққан. Сол уақытта қаланың өрт сөндіру қызметіне Тұран ауданындағы Қазыбек би көшесінде құрылысы бітпеген тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама түскені мәлім болды. 
 
Оқиға орнына шұғыл түрде 13 көлік пен 47 адам жіберіліп, шатырдағы өрт екі сағаттың ішінде оқшауланды. Ал бір сағаттан кейін толығымен сөндірілгені айтылды.
 
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталу үстінде. Сондай-ақ, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоғы белгілі болды. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға